Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Қызылордада «Тосқауыл» іс -шарасы аясында көлік ұрысы анықталды

Қызылордада «Тосқауыл» іс -шарасы аясында көлік ұрысы анықталды, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Қызылорда қалалық Полиция басқармасы Ақсай полиция бөлімінің қызметкерлері бөтен көлікті айдап кеткен экстремалды ізін суытпай ұстады.

Анықталғандай, 29 мамыр күні таңертең ер адам көпқабатты үйдің ауласына қойылған Volkswagen Golf маркалы көлікті ұрлап кеткен. Айдап әкетушіні анықтау және ұстау үшін «Тосқауыл» жоспары жарияланып, патрульдік нарядтар бағдарланды. Осылайша, «Боран 12» және «Боран 13» экипажы – Азамат Мәмбеталиев, Сәрсеналиев Исламбек, Шайділдаев Бақыт және Нұрадинов Заңғарлардың кәсібилігі мен жедел іс-әрекеттерінің арқасында құқықбұзушы ұсталды. Ол облыс орталығының тұрғыны болып шықты. Күдікті оқиға орнында ұсталды.

Қазіргі уақытта Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 200-бабының 1-бөлігі (Автомобильді немесе өзге де көлік құралдарын ұрлау мақсатынсыз заңсыз иелену (айдап әкету)) бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеру амалдары жүргізілуде.

Оқиғаның мән-жайы анықталуда. Күдіктіге қатысты ешқайда кетпеу және тиісті мінез-құлық туралы бұлтартпау шарасы қолданылды.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру