Оралда көпқабатты үйдің терезесінен 2 жасар бала құлап, қайтыс болды
Орал қаласындағы көпқабатты үйлердің бірінен екі жастағы бала құлап, қайтыс болды, – деп хабарлайды Polisia.kz.
Оқиға Зашаған кентіндегі көпқабатты үйлердің бірінде орын алды. Ата-анасы назарсыз қалдырған екі жастағы бала бесінші қабаттың терезесінен құлап, қайтыс болды.
Құрметті тұрғындар! БҚО ПД балаларыңыздың қауіпсіздігіне немқұрайлы қарамауларыңыз және оларды жалғыз қалдырмауларыңызды сұрайды.