Жамбылдық полицейлер жылқы ұрлығын ашты
Жамбылдық полицейлер жылқы ұрлығын ашты, – деп хабарлайды Polisia.kz.
2021 жылдың 30 мамырында полицияға Қордай ауданының 38 жастағы тұрғыны шағымданды. Белгісіз адамдар оның жайылымынан бір жылқыны жасырын ұрлап, 800 мың теңге көлемінде материалдық шығын келтірген.
Жедел-іздестіру іс-шараларын жүргізу кезінде полиция қызметкерлері сол ауданның бұрын сотты болған 29 жастағы тұрғынын ізін суытпай ұстады.
Анықталғандай, ағымдағы жылдың 27 сәуірінде ұсталған ер адам сол ауылдың үйінің сарайынан құны 500 мың теңге болатын жылқыны жасырын ұрлап кеткен.
Ұсталған ер адам кінәсін мойындап, уақытша ұстау изолятрына қамаққа алынды. Аталған дерекке қатысты ҚР ҚК-нің 188-1-бабы (Мал ұрлығы) бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары басталды.
ҚР Қылмыстық кодексінде аталған қылмысты жасаған тұлғалардың мүлкі тәркіленіп, үш жылдан жеті жылға дейінгі мерзімге бас бостандығынан айыру түріндегі жаза көзделген.