Семейде пробация қызметкерлері COVID-19 вакцинациясы бойынша есепте тұрған адамдарға дәріс өткізді
Семейде пробация қызметкерлері COVID-19 вакцинациясы бойынша есепте тұрған адамдарға дәріс өткізді, – деп хабарлайды Polisia.kz.
КВИ таралуын төмендету мақсатында Семей қаласының Затон аудандық пробация қызметінің қызметкерлері «Жан-Ер» клиникасының пульмонология бөлімшесінің медицина қызметкерімен бірлесіп, халықтың аса осал топтарының жұқтыру және инфекцияның таралу қаупі жоғары адамдары ретінде қоғамнан оқшаулаусыз сотталған адамдарға «Коронавирусқа қарсы вакцинация» тақырыбында дәріс өткізді.
Іс-шара барысында вакцинацияны ұйымдастыру, жүргізу тәртібі және процедураның маңыздылығы, әсіресе әлеуметтік сала қызметкерлері мен тыныс алу жүйесінің аурулары, жүрек-тамыр аурулары, қант диабеті сияқты созылмалы аурулары бар адамдар үшін айтылды.
– Бүкіл әлем бір жылдан астам уақыт пандемия жағдайында өмір сүріп келеді. COVID-19 вакцинациясы – бүгінгі таңда стратегиялық бағыттардың бірі. Пандемияның ұзақ айларында алғаш рет біз елдегі жағдайды тұрақтандырудың нақты тетіктерін, халықты коронавирустық инфекциядан тиімді қорғау және пандемияның жаңа кезеңіне тосқауыл қою мүмкіндігін көріп отырмыз, – деді медицина қызметкері Светлана Александровна.
Айта кетейік, Қазақстанда кез келген вакцинация егілушінің келісімімен ғана жүргізіледі. Қазақстанда вакцинация міндетті емес. ҚР «Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы» Кодексінің 77-бабына сәйкес әрбір азаматтың кез келген медициналық манипуляциядан, оның ішінде вакцинациядан бас тартуға құқығы бар.
– Осы кездесудің қорытындысы бойынша біз күмәнданушыларды вакцинациялаудың артықшылығына сендіру үшін үлкен жұмыс жүргізуіміз керек деп санаймын. Мұны өздері және айналасындағылар үшін жасау қажет екенін сендіруіміз керек, – деп пробация қызметінің бастығы Жасулан Аринов атап өтті.