Қарағанды облысында гараж тонаған күдікті ұсталды
Шахтинск қаласында гараждан құрал-сайман ұрлаған күдікті ұсталды, – деп хабарлайды Polisia.kz.
10 маусым күні Қарағанды облысы Шахтинск қалалық полиция бөліміне 35 жастағы қала тұрғынынан арыз түсті. Жәбірленуші белгісіз біреулер өзіне тиесілі гараждан құны 46 мың теңге тұратын құрал-саймандарын ұрлап кеткені туралы арызданған.
Полиция қызметкерлері оқиға орынынан есікті бұзу іздерін байқамаған, сондықтан олардың ұрлыққа кілт таңдау арқылы кірді деген күдік туды.
Жедел-іздестіру іс-шаралары барысында полиция қызметкерлерімен осы іске қатысы бар деген күдікпен 18 жастағы жігіт ұсталды. Ол мойындау көрсетпе белгілерін берді.
Аталған факті бойынша Қазақстан Республикасы Қылмыстық Кодексінің 188-бабына (Ұрлық) сәйкес қылмыстық іс қозғалды. Тергеу амалдары жүргізілуде.