Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

«Қару»: Теміртауда ер адамнан шолақ аңшы мылтығы тәркіленді 

Теміртауда ер адамнан шолақ аңшы мылтығы тәркіленді, – деп хабарлайды Polisia.kz.

13 маусымда Қарағанды облысы, Теміртау қаласының ПБ криминалдық полиция қызметкерлері «Қару» жедел-профилактикалық іс-шарасын өткізді. Рейд кезінде олар 44 жастағы ер адамды ұстады, тексеру кезінде екі ұңғылы кесілген аңшы мылтығын тауып алды. Ол қаруды қоқыс жәшігінен бір күн бұрын тапқанын түсіндірді.

ҚР Қылмыстық кодексінің 287-бабы (Қаруды заңсыз алу, беру, сату, сақтау, тасымалдау немесе алып жүру) бойынша қылмыстық іс қозғалды. Тиісті сараптамалар тағайындалды. Қазіргі уақытта тергеу амалдары жүргізіліп жатыр.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру