Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Асанәлі Әшімов пен Асылы Осман Алматыдағы полицияға барды

Асанәлі Әшімов пен Асылы Осман Алматыдағы полицияға барды, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Қазақстан полициясы күні мен Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 30 жылдығын мерекелеу қарсаңында жас полиция қызметкерлері арасында елдің дамуына ерекше үлес қосқан көрнекті тұлғалармен кездесу өтті.

Кездесуге шақырылғандар: Асанәлі Әшімов – кеңестік, қазақ актер, театр және кинорежиссер, сценарист, мұғалім, Қазақстанның Еңбек Ері, КСРО Мемлекеттік сыйлығының лауреаты, КСРО халық әртісі.

Асылы Осман – Қазақстанның қоғам қайраткері, филология ғылымдарының кандидаты, профессор, еліміздің еңбек сіңірген қайраткері, “Парасат” және екінші дәрежелі “Достық” ордендерінің иегері.

Кездесу жақсы өтті. Қонақтар егемен елдің қалыптасуы туралы, Тәуелсіздік жылдарындағы жетістіктер мен табыстар жайлы көптеген қызықты фактілерді айтты.

Асанәлі Әшімов айтулы кездесудің құрметіне полиция Департаментінің мұражайына авторлық кітап сыйлады.

– Өз кезегімізде қонақтарға полицияның жас қызметкерлерімен кездескені үшін, ішкі істер органдарының жаңа буын қызметкерлерінің рухани-адамгершілік тәрбиесіндегі дұрыс қадам болып табылатын мазмұнды және қызықты диалог үшін ерекше алғысымызды білдіреміз, – деді Алматы қалалық ПД бастығының орынбасары Әбдуәли Нашарбеков.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру