Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Шымкентте бейнекамера арқылы телефон ұрлығы ашылды

Шымкентте бейнекамера арқылы телефон ұрлығы ашылды, – деп хабарлайды Polisia.kz.

2021 жылдың 11 маусымында Қаратау АПБ-ның «102» нөміріне Шымкент қаласы тұрғыны арызданды. Ол өз арызында белгісіз адам сөмкесінде болған құны 120 мың теңге тұратын Samsung маркалы ұялы телефонын ұрлап кеткенін көрсеткен.

Қаратау аудандық ПБ Криминалды полиция қызметкерлері мен Жедел басқару орталығының бейнекамерасы арқылы жергілікті жердің тұрғынын анықтап, жеткізді. Тексеру жұмыстары жүргізілуде.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру