Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Қызылорда облысында 385 түп сора өсірген үш күдікті ұсталды

Қызылорда облысында 385 түп сора өсірген үш күдікті ұсталды, – деп хабарлайды Polisia.kz.

«Қарасора-2021» жедел-профилактикалық іс-шарасының негізгі мақсаты – есірткі құралдары мен психотроптық заттардың заңсыз айналымы фактілерін анықтау, Қызылорда облысының аумағынан жабайы сораны заңсыз жеткізу арналарын жабу.Қызылорда облысы аумағында жүргізілген іс-шаралар нәтижесінде 13 маусым күні Сырдария ауданына қарасты «Қызылорда-Құмкөл» тас жолының 180 шақырымында далалық жерде полицейлер 385 түп сора өсімдігін анықтады. Оқиға орнында облыстың үш тұрғыны ұсталды. Сондай-ақ екі дана темір құтысына салынған кептірілген есірткі заты, кесілген бес литрлік пластмасса ыдысына салынған сора өсімдігінің тұқымы, тіркеуде жоқ, нөмірсіз, тегіс ұңғылы аңшы мылтығы тәркіленді.

Қазіргі таңда күдіктілер уақытша ұстау изоляторына қамалып, оларға қатысты Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 300-бабының 2-бөлігімен бөлігімен (Құрамында есiрткi заттар бар, өсiруге тыйым салынған өсiмдiктердi заңсыз егіп-өсіру) сотқа дейінгі тергеп-тексеру амалдары жүргізілуде.

Айта кетерлік жайт, «Қарасора-2021» іс-шара басталғалы облыс аумағында есірткі егудің 14 дерегі анықталып, 722 түп сора өсімдігі және бір дана тіркеуде жоқ тегіс ұңғылы қару тәркіленді. Күдікті ретінде алты адам қамаққа алынды.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру