Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

«Қауіпсіз жол»: Қарағандыда мас күйінде көлік басқарған 32 жүргізуші жауапқа тартылды

Қарағандыда мас күйінде көлік басқарған 32 жүргізуші жауапқа тартылды, – деп хабарлайды Polisia.kz.

17 мамыр мен 16 маусым аралығында Қарағанды қаласының аумағында «Қауіпсіз жол» республикалық жедел-профилактикалық іс-шарасы өткізілуде. Іс-шара барысында Қарағанды қаласының ПБ патрулдік полиция полкінің қызметкерлерімен көлік құралын мас күйінде жүргізгені үшін 32 жүргізуші жауапкершілікке тартылды, көлік құралын басқару құқығынан айырыла отырып, мас күйінде көлік құралын жүргізгені үшін ҚР ҚК 346-бабы бойынша төрт жүргізушіге қатысты қылмыстық іс қозғалды.

Мысалы, 12 маусымда Орталық секторды патрульдеу кезінде Audi маркалы автокөлік тоқтатылды. Құжаттарды тексеру барысында тәртіп сақшылары 33 жастағы көлік жүргізушінің салонынан алкогольдің жағымсыз иісі шыққанын байқады. Жүргізуші медициналық актіге сәйкес міндетті медициналық куәләндырудан өту туралы полиция қызметкерінің заңды талаптарын орындамады. Жүргізушіге қатысты ҚР ӘҚБтК 613-бабы 9-тармағы бойынша әкімшілік хаттама толтырылды.

13 маусымда «Қауіпсіз жол» ЖПШ өткізу барысында Орталық секторда ВАЗ маркалы автокөлік тоқтатылды. Құжаттарды тексеру кезінде полиция қызметкері 27 жастағы көлік жүргізушісінен алкогольдің жағымсыз иісі шыққанын байқады. Жүргізушіге қатысты ҚР ӘҚБтК 608-бабы 1-тармағы бойынша медициналық актіге сәйкес әкімшілік хаттама толтырылды.

2021 жылдың 17 мамырында Қарағанды қаласының тұрғыны 26 жастағы Қ.есімді ер адамға қатысты сот үкімі шығарылды.

Қазақстан Республикасының ҚК 58-бабы 3-бөлігіне сәйкес қылмыстық құқық бұзушылықтардың жиынтығын жасағаны үшін неғұрлым қатаң жазаға тарту бойынша жүргізуші жазасын өтеуімен байланысты, орташа қауіпсіздік қылмыстық-атқару жүйесінің мекемелерінде автокөлік құралдарын басқаруға қатысты жазасын өтеумен,  қызметпен айналысу құқығынан өмір бойына айыра отырып, алты жыл мерзімге бас бостандығынан айыру жазасы тағайындалды.

– Қарағанды қаласының ПБ патрульдік полиция полкінің қызметкерлері  алкогольге және есірткіге мас болған  күйінде  көлікке  отырған жүргізушілерді күнделікті анықтауда.Алайда, полицейлердің ескертулеріне қарамастан, кейбір жүргізушілер салдары туралы  ойланбастан мас күйінде өздеріне көлік құралын басқаруға мүмкіндік береді. Қарағанды қаласының ПБ қызметкерлері үшін басты міндет-мас күйіндегі жүргізушілердің салдарынан болатын жол апаттарының алдын алу. Қарағанды қаласының жолдарында мас күйінде көлік жүргізу фактілерін жою және қадағалау үшін рейдтік іс-шараларды ұдайы жүргізіп тұрады, – деді Қарағанды қаласының ПБ бастығы Думан Қожахметов.

Айта кетейік, ағымдағы жыл басынан Қарағанды қаласының ПБ ППП қызметкерлерімен ҚР ҚК 346-бабы бойынша 28 факті анықталды, бес адам сотталды, ал 13 қылмыстық істер бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеру жүргізілуде.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру