«Әке көрген оқ жонар»: Алматы полициясы полицейлер әулеті туралы айтты
Алматы полициясы полицейлер әулеті туралы айтты, – деп хабарлайды Polisia.kz.
Әкелер күнінде сіздердің назарларыңызға құқық қорғау органдарының бірнеше буыны тәрбиеленген Үдербаевтар отбасының тарихын ұсынамыз.
– Мен, Үдербаев Жаңбырбай, Ішкі істер министрлігіне 1979 жылы келдім. Ленинградтағы арнайы барлау мектебін бітірдім. Алдымен, мен барлаушы болып Қарағандыда жұмыс істедім, кейін мені Жамбылға қызметке жіберді. Полковник шенімен зейнетке шықтым. Сондай-ақ Алматыда жұмыс істедім, барлық дерлік қызметтерді өттім. Өзімнің тәжірибемді ұлыммен үнемі бөлісемін, ол менің ізіммен жүруді ұйғарды. Кеңес беремін, айтып отырамын, өйткені жұмыс оңай емес. Құдайға шүкір, менің алты немерем бар. Үлкені 15 жаста, кішісі бір жас төрт айлық. Егер немерелерім де полицияда қызмет еткісі келсе, мен жеке өзім қарсы емеспін. Бірақ жұмыс ауыр екенін мойындауым керек. Олар саналы түрде өз таңдауын жасауы керек, – деді Жаңбырбай аға.
Зейнеткердің ұлы, Даут Үдербаев – қызметте жақсы жетістіктері бар тәжірибелі ізкесуші. Майор Үдербаев бүгінде жас жедел қызметкерлердің тәлімгері және ұстазы.
– Мен 2012 жылы ІІМ Алматы Академиясын бітірдім. Осы жылы Жетісу ауданының ішкі істер Басқармасына жедел уәкіл ретінде жұмысқа қабылдандым. 2016 жылы Академияның магистратурасын бітіргеннен кейін мен сол ауданның ПБ криминалдық полиция бөлімі бастығының орынбасары болып тағайындалдым. Бала кезімнен маған полицияның формасы ұнайтын, өйткені менің әкем ғана емес, оның ағалары да ІІО-да қызмет еткен. Мен әрқашан олардың жолын жалғастыруды армандайтынмын. Көбінесе әкемнен кәсіби кеңес сұраймын, – дейді майор Үдербаев.
Әкелер күні – бұл барлық әкелердің құрметіне арналған мереке. Ол әлемнің көптеген елдерінде атап өтіледі.