14 жылдан бері өз міндетін адал атқарып келе жатқан павлодарлық полицей – Виктор Глазырин
– Мен полицияға Отанға қызмет ету, адамдарға көмектесу және қоғамға пайдалы болу үшін келдім, – дейді Павлодар облысы Успен аудандық полиция бөлімі кезекші бөлімінің аға инспекторы Виктор Глазырин.
Жалпы полиция майорының міндетіне «102» арнасына келіп түскен құқық бұзушылықтар мен оқиғалар туралы барлық өтініштер мен хабарламаларды қабылдау және тіркеу, полицияның кешенді күштерін басқару, сондай-ақ олардың оқиға орнына уақтылы келуін бақылау кіреді.
2003 жылы ҚР ІІМ Павлодар заң колледжін бітіргеннен кейін Виктор Глазырин «Қазтұтынуодағы» Қарағанды экономикалық университетінің Павлодар филиалына «Құқықтану» мамандығы бойынша оқуға түсіп, 2006 жылы оқуын аяқтаған.
Содан бері, міне, 14 жылдан астам уақыт бойы ол кезекші бөлімде жұмыс істеп келеді.
Үлгілі қызметі үшін көптеген Алғыс хаттар мен мададақтамалары бар, ал басшылық Виктор Глазыринің алдында қойылған міндеттер мен жауапкершілік деңгейін жоғары бағалайды. Әріптестері Виктор туралы кез-келген уақытта көмектесуге дайын мейірімді адам ретінде айтады.
Жұмыстан бос уақытында полиция қызметкері отбасымен бірге уақыт өткізеді. Олар бірге табиғатқа шығып, спортпен шұғылданады. Жұбайы – Юлия Глазырина күйеуінің осындай маңызды жұмысына түсіністікпен қарайды, сонымен қатар әрқашан да қолдау көрсетеді. Олар бірге екі ұл тәрбиелеп отыр – Данил және Владислав.