Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Ақтөбеде есепте тұрған азамат досының көлігін жүргізіп, айыппұл арқалады

Ақтөбеде есепте тұрған азамат досының көлігін жүргізіп, айыппұл арқалады, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Пробация қызметінде есепте тұрған Мұғалжар ауданының тұрғыны досының көлігін жүргізгені үшін көліктің заңды түрдегі иесі болып табылатын досының анасының арызына ілігіп, 58 мың теңге айыппұл арқалады.
Аталған азаматтың құқықбұзушылық әрекеті Ақтөбе облысы бойынша ҚАЖ департаментіне қарасты Мұғалжар аудандық №1 пробация кызметі жүргізген «Шартты түрде» республикалық жедел- профилактикалық іс-шарасы кезінде анықталды.

«Бұзақылық» бойынша істі болып, үш жылға бас бостандығын шектеу жазасына сотталған Б., күндізгі уақытта өзінің жүргізуші куәлігі жоқ бола тұра, досынан көлік сұрап мініп, тұрғылықты мекен жайын тастап кеткен. 
Алайда, көліктің заңды иесі болып табылатын досының анасы «көлік иесінің рұқсатынсыз иемденді» деп, есепте тұрған сотталғанның үстінен полиция бөліміне арыз түсіреді. Нәтижесінде, сотталған Б.-ға ҚР Әкімшілік кодексінің 612-бабында көзделген кұқықбұзушылық жасағаны үшін әкімшілік айыппұл салынды.

– Пробация қызметімен аталған сотталғаннан түсініктеме алынып, профилактикалық әңгіме жұмыстары жүргізілді.
Жалпы, облыс аумағында өтіп жатқан «Шартты түрде» республикалық жедел профилактикалық іс-шарасына байланысты күшейтілген режимдегі жұмысқа көшу кезінде пробация қызметінің есебінде тұрған сотталғандар тұрғылықты мекен жайлары бойынша тексеріліп, оларды бас бостандығынан айыруға дейін апаруы мүмкін жаңа қылмысқа жол бермеу жөнінде ескертулер, әңгіме-сұхбат жұмыстары жүргізіліп келеді, – дейді Мұғалжар аудандық №1 пробация қызметінің аға инспекторы Гүлжанат Искалиева.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру