Ақтөбеде тергеу изоляторындағы сотталғандар арасында өткен «Үміт- 2021» байқауы өз мәресіне жетті
Ақтөбеде тергеу изоляторындағы сотталғандар арасында өткен «Үміт- 2021» байқауы өз мәресіне жетті, – деп хабарлайды Polisia.kz.
Ақтөбе облысы бойынша ҚАЖ департаменті басшылығының нұсқаулығын орындау мақсатында, КА-168/1 мекемесіндегі әлеуметтік- психологиялық тәрбие жұмысы бөлімінің жетекшілігімен сотталғандар арасында сурет салу, тоқыма және қолөнерден өткен «Үміт- 2021» байқауы өз мәресіне жетті.
Өнерге деген құштарлықтарын оятып, жеке шығармашылықтарын дамыту үшін мекеме әкімшілігімен сотталғандарға бір ай бұрын арнайы бөлме бөлінген болатын.
Арнайы контингент арасында әлеуметтік- психологиялық тәрбие жұмысы бөлімінің бастығы әділет аға лейтенанты Арман Панабектің айтуынша, аталған іс-шараның мақсаты – жазасын өтеуші сотталғандардың бос уақытын тиімді паудалануға жұмсатып, өздері ұнатқан іспен айналыстыру.Шара барысында сотталғандар сурет салу, тоқу немесе ағаштан, жіптен, моншақты пайдалана отырып, өздері қолдан дайындаған бұйымдарды басқа жазасын өтеуші сотталғандар және мекеме әкімшілігінің назарына көрме ретінде ұсыну бойынша өзара сайысты. Сонымен қатар, әрқайсысы өздері жасаған бұйымдарын қазылар алқасына таныстырды.
– Іс-шара қорытындысымен мекеме әкімшілігінен тағайындалған қазылар алқасы өз бағаларын беріп, жеңіске жеткен жазасын өтеуші сотталғандар мадақтау қағазымен және бағалы сыйлықтармен марапатталды.
Бұдан бөлек, іс-шарада белсенділік танытқан сотталғандар ҚР ҚАК-нің 128-бабының негізінде көтермелеу шарасын беруге мекеменің комиссиясына ұсынылды, – дейді әділет аға лейтенанты Арман Панабек.