«Шартты түрде»: Ақтөбеде 54 сотталғанның жаза өтеу тәртібін бұзғаны анықталды
Ақтөбеде 54 сотталғанның жаза өтеу тәртібін бұзғаны анықталды, – деп хабарлайды Polisia.kz.
«Шартты түрде» жедел профилактикалық іс- шарасы кезеңінде Ақтөбе облысы аумағындағы 15 аудандық Пробация қызметтері есепте тұрған 54 сотталғанның жаза өтеу тәртібін бұзғанын анықтады.21- 27 маусым айы аралығында Ақтөбе облысы бойынша ҚАЖ департаментіне қарасты 15 аудандық Пробация қызметтерімен облыс көлемінде жүргізілген «Шартты түрде» жедел профилактикалық іс- шарасы кезеңінде 54 есепте тұрған сотталғанның Пробация қызметтеріне ескертпей тұрғылықты мекен- жайын тастап кеткені анықталды. Олардың арасында бір жыл ішінде жаза өтеу шарттарын екі немесе одан да көп бұзуға жол берген 30 сотталғанға қатысты жазаларын бас бостандығынан айыру жазасына ауыстыру жөнінде сотқа ұсыныс енгізілді.Сонымен қатар, Пробация қызметін хабардар етпей, тұрғылықты жерін өзгерткен Мәртөк аудандық пробация қызметінің есебінде тұрған сотталған азаматқа жазбаша түрде ескерту беріліп, оған қатысты пробациялық бақылау мерзімін алты айға ұзарту жөнінде сотқа ұсыныс жолданды.
– Облыс аумағында өтіп жатқан «Шартты түрде» республикалық жедел профилактикалық іс-шарасына байланысты күшейтілген режимдегі жұмысқа көшу кезінде Ақтөбе облысындағы 15 аудандық пробация қызметінің есебінде тұрған сотталғандар тұрғылықты мекен жайлары бойынша тексеріліп, олардың жаңа қылмысқа жол бермеуіне қатысты ескертулер, әңгіме-сұхбат жұмыстары жүргізіліп келеді
Жалпы, аталған іс-шара кезінде Ақтөбе облысы аумағындағы 15 аудандық пробация қызметі бөлімдерінде Пробация қызметі және жергілікті пробация қызметтерінің учаскелік полиция инспекторлары, сондай- ақ, криминалық полиция инспекторларымен бірлесіп құрылған мобильдік топтар өзара іс- қимылдың жақсы нәтижесін көрсетті.
Бір айта кететін жайт, жедел профилактикалық іс- шарасы кезінде есепте тұрған сотталғандар арасында қайта қылмыс жасау деректері тіркелген жоқ, – дейді Ақтөбе облысы бойынша ҚАЖ департаментінің Пробация қызметіне басшылық ету бөлімінің бастығы Азамат Наукенов.