Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Шымкенттік полицейлер карантин шектеулеріне бағынбаған мейрамхананы анықтады

Шымкенттік полицейлер карантин шектеулеріне бағынбаған мейрамхананы анықтады, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Шымкент ҚПД Әл-Фараби ауданы Полиция басқармасының қызметкерлері карантин талаптарының сақталуын бақылау мақсатында күнделікті рейдтік іс-шара жүргізуде.

27 маусым күні сағат 14:22-де полицейлер «Мерей» мейрамханасының карантиндік шектеулерді бұзып, келушілерді қабылдап жатқанын анықтады. Қызметкерлер мейрамхана ішінде бір реттік бетпердені тақпай қызмет көрсеткен.

Сондай-ақ, үйлену тойға 200 адам жиналған.

Аталған жайт бойынша мейрамхана әкімшісінен түсініктеме алынды. Жинақталған іс-құжаттар шара қолдану үшін ҚР ӘҚБтК-нің 425-бабы «Халықтың санитариялық-эпидемиологиялық саламаттылығы саласындағы заңнама талаптарын, сондай-ақ, гигиеналық нормативтердi бұзу» бойынша Тауарлар мен көрсетілетін қызметтердің сапасы мен қауіпсіздігін бақылау басқармасына жолданды.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру