Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Жалған ПТР-тест қолданған павлодарлыққа айыппұл салынды

Жалған ПТР-тест қолданған павлодарлыққа айыппұл салынды, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Павлодар облысында жалған ПТР-тестіні қолданғаны үшін 56 жастағы ер адам қылмыстық жауапкершілікке тартылды.

– Павлодар қаласының 56 жастағы тұрғыны кезекті еңбек демалысында Ресей Федерациясына шығуды жоспарлаған, Қазақстан Республикасының аумағына оралған кезде емдеу мекемесіне карантинге жатқызылмау үшін «Covid-19» теріс нәтижесі бар медициналық құжатты көрсету қажет екенін біле тұра, Ресей Федерациясына шығып, екі күннен кейін павлодарлық Қазақстан Республикасының аумағына «Қосақ» бақылау өткізу пункті арқылы келіп, короновирустық инфекцияның таралуына қарсы күрес бойынша қабылданып жатқан шаралар аясында Успен ауруханасының карантиндік стационарына жіберілген. Ер адам ауруханаға жатпас үшін теріс нәтижемен «Covid-19» бланкісін ұсынған. Аурухана қызметкерлері бұл құжатқа күмән келтіріп, оны берген медициналық мекемеге хабарласқан, мекеме дәрігерлері ол ер адамның мекемеге жүгінбегенін және ешқандай зерттеу жүргізбегенін хабарлады, – деді Павлодар облыстық Полиция департаменті бастығының бірінші орынбасары Жасқайрат Қайыров.

Жалған құжатты пайдалану фактісі бойынша Павлодар облысы Успен ауданының полициясында Қазақстан Республикасы ҚК 385-бабының 3-бөлімі бойынша сотқа дейінгі тергеу жүргізілді. Тергеу барысында құқықбұзушы жалған құжатты қолданғанын мойындады. Қылмыстық іс Успен аудандық сотының қарауына жіберілді, ол ер адамға 15 АЕК – 44 мың теңге көлемінде айыппұл салынды.

Полицейлер әдейі жалған құжат қолданғаны үшін кінәліге қылмыстық жауапкершілік көзделгені туралы ескертеді. Қазақстан Республикасы ҚК-нің 385-бабында осы іс-әрекет үшін 160 АЕК-ке дейінгі айыппұл салу, 160 сағатқа дейін түзеу немесе қоғамдық жұмыстарға тарту, 40 тәулікке дейін қамауға алу сияқты жазаны қолдану қарастырылған.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру