Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Маңғыстау облысында 8 жылдан астам халықаралық іздеуде болған әйел ұсталды

Маңғыстау облысында сегіз жылдан астам халықаралық іздеуде болған әйел ұсталды, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Маңғыстау облысы Полиция департаменті Криминалдық полиция басқармасының қызметкерлерімен жедел-іздестіру іс-шараларын жүргізу барысында ҚР Қылмыстық кодексінің 262-бабы (Ұйымдасқан топ, қылмыстық ұйым құру және оларға басшылық ету, сол сияқты оларға қатысу) және ҚР Қылмыстық кодексінің 307-бабында (Заңсыз ойын бизнесін ұйымдастыру)  көзделген қылмыстарды жасағаны үшін сегіз жылдан астам халықаралық іздеуде болған Т. есімді азаматшаны ұстады.

Күдікті Ақтау қалалық Полиция басқармасының уақытша ұстау изоляторына қамалды.
Өзге ақпарат тергеу мүддесінде жария етілмейді.

Күдіктіге қатысты оның кінәсінің дәрежесін анықтай отырып, түпкілікті шешімді сот шығарады.

Сонымен қатар ұзақ уақыт арнайы жедел-іздестіру шараларын жүргізу барысында 10 жылдан астам уақыт аралығында халықаралық іздеуде жүрген Алматы облысының тумасы 45 жастағы В. есімді азамат ұсталды. Ол ҚР ҚК 190-бабының 3-бөлігімен алаяқтық қылмысын жасап, қашып жүрген жерінен ағымдағы жылдың ақпан айында Шығыс Қазақстан облысы Риддер қаласында ұсталып, уақытша қамау изоляторына жабылды. Аталған дерек бойынша тергеу амалдары жүргізіліп, үш жыл алты айға бас бостандығынан айырылды.

Айта кету керек, қоғамдық тәртіпті өрескел бұзатын және қоғамға айқын құрметсіздік білдіретін кез-келген қасақана іс-әрекеттер қылмыстық заңмен жазаланады.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру