Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

ШҚО полицейлері «өткен жылдардың» ұрлығын ашты

ШҚО полицейлері «өткен жылдардың» ұрлығын ашты, – деп хабарлайды Polisia.kz.

ІІМ-нің мүлікті қорғау жөніндегі бағдарламасын іске асыру мақсатында Өскемен және Семей қалаларының криминалдық полиция бөлімшелері ұрланған смартфондарды сатуды анықтау мақсатында 15 және 16 шілдеде жедел-алдын алу іс-шараларын жүргізді.

Операция кезеңінде жедел уәкілдер пайдалануда болған телефондарды сататын 76 орынды тексерді. Жұмыс барысында 700-ден астам телефон тексерілді. Бұрын жасалған 11 қылмыс, оның ішінде 2019 жылғы сәуірде қаланың көңіл көтеру орындарының бірінде 47 жастағы ер адамнан телефон ұрлау ұрлығы ашылды. Қазіргі уақытта заттай дәлелдемелер тәркіленіп, сотқа дейінгі тергеу материалдарына тіркелді.

Сонымен қатар, рейд барысында полиция қызметкерлері бутик иелерімен және ұялы телефон сатушылармен қылмыстық жолмен табылған мүлікті сатып алғаны немесе өткізгені үшін қылмыстық жауапкершілік көзделетіні туралы түсіндіру жұмыстарын өткізді.

Бұндай алдын алу жұмыстары тұрақты түрде жүргізілетін болады.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру