Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Көлік жүргізу құқығынан айрылған риддерлік тағы да мас күйінде көлік тізгіндеді

Көлік жүргізу құқығынан айрылған риддерлік тағы да мас күйінде көлік тізгіндеді, – деп хабарлайды Polisia.kz.

2021 жылғы 18 маусымда сағат 10:40 шамасында «102» жедел арнасына учаскелік полиция инспекторынан Риддер қаласының 32 жастағы тұрғынының басқаруымен қоғамдық тәртіпті сақтау бойынша патрульдеу бағытында «Субару Форестер» маркалы автокөлігі тоқтатылғаны туралы ақпарат келіп түсті.

Тексеру кезінде жүргізушіде жеке басын және көлік құралын басқару құқығын куәландыратын құжаттар болмағаны анықталды, бұл ретте әңгіме барысында ер адамнан алкогольдің өткір иісі сезілді. Осыдан кейін ол медициналық куәландыруға жеткізілді, онда дәрігердің қорытындысына сәйкес орташа алкогольдік мас болу анықталды.

Тексеру барысында Риддер қаласының тұрғыны бұған дейін 3 жыл мерзімге көлік құралын басқару құқығынан айырылғаны белгілі болды.

Полиция департаментінің бастығы Сағат Мадиев атап өткендей:

– Соттың санкциясымен ол қамауға алынды және оған қатысты ҚР ҚК-нің 346-бабы 1-бөлігіне сәйкес (Көлік құралдарын басқару құқығынан айырылған және алкогольдік масаң күйдегі адамның көлік құралын басқаруы) сотқа дейінгі тергеу әрекеттері жүргізілуде, ол бойынша жаза 5 жылға дейін бас бостандығынан айыруды көздейді.

Полиция департаменті жол ережесін бұзуға жол бермеуге, жол қозғалысы ережелерін қатаң сақтауға шақырады. Есіңізде болсын, мас жүргізуші-қылмыскер!

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру