«Жұмысқа кіргізіп беремін»: шымкенттік тұрғын 1 млн теңгесінен айырылып қалды
Шымкенттік тұрғын бір миллион теңгесінен айырылып қалды, – деп хабарлайды Polisia.kz.
Шымкент қаласы Полиция департаменті Қаратау ауданының Полиция басқармасына жергілікті тұрғын арызданған. Ол өз арызында бейтаныс адам жұмысқа кіргізіп беремін деп 1 000 000 теңгесін алып, осы уақытқа дейін жұмысқа кіргізбей, ақшасын қайтармай, алаяқтық жолмен алдап жүргенін көрсеткен.
Аталған жайт бойынша жедел-іздестіру жұмыстарын жүргізу барысында Қаратау АПБ криминалдық полиция бөлімінің қызметкерлерімен жергілікті жердің тұрғыны анықталып, тиісті мекемеге жеткізілді.