Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Түркістан облысында жасырын той жасағандар анықталды

Түркістан облысында жасырын той жасағандар анықталды, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Түркістан облысында карантин режиміне қарамастан, жасырын тойды өткізетін тойханалар анықталуда. Мәселен, Қазығұрт ауданында өзінде Қазығұрт АПБ-нің қызметкерлері аудан көшелерінің бірінде орналасқан екі тойханада той болып жатқанын анықтады. Оның бірінде құдалық той болса, екіншісінде үйлену тойы өткізілген. Екі тойдың бірінде 70-тен астам қонақ жиналса, ал бірінде 40-тан астам адам болған.

Анықталған әкімшілік құқық бұзушылық бойынша карантин талаптарын сақтамағаны үшін тойхана иесі мен екі тойдың иелеріне қатысты ҚР ӘҚБтК-нің 425-бабымен (Халықтың санитариялық-эпидемиологиялық саламаттылығы саласындағы заңнама талаптары, сондай-ақ гигиеналық нормативтерді бұзу бойынша) әкімшілік шара көру мақсатында тиісті құжаттар жинақталып, Қазығұрт аудандық Санитариялық-эпидемиологиялық бақылау басқармасына жолданды.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру