2 жарым млн теңгенің балмұздақтарын ұрлаған шымкенттіктер ұсталды
Екі жарым миллион теңгенің балмұздақтарын ұрлаған шымкенттіктер ұсталды, – деп хабарлайды Polisia.kz.
2021 жылдың 26 шілдесінде Әл-фараби АПБ-на жергілікті жердің тұрғыны арызданды. Ол өз арызында өзіне тиесілі балмұздақ шығаратын фирмасының қызметкерлері балмұздақ сатып жүргенде екі жәшігін сатып, үшіншісін жымқырып отырғанын көрсеткен. Осылайша олар 2 576 000 теңгедей залал келтірген.
Аталған жайт бойынша Әл-фараби АПБ учаскелік полиция қызметкерлері жедел-іздестіру іс-шараларын жүргізу барысында Шымкент қаласының тұрғындарын анықтап, ұстады. Тексеру амалдары жүргізілуде.