Шымкенттік полицейлер 60 адамға жасалған құдалықты тоқтатты
Шымкенттік полицейлер 60 адамға жасалған құдалықты тоқтатты, – деп хабарлайды Polisia.kz.
Шымкент ҚПД Еңбекші АПБ қызметкерлері карантин талаптарының сақталуын бақылау мақсатында рейдтік іс-шара жүргізуде.
2021 жылдың 29 шілдесі сағат 13:00-да Жолан батыр көшесінде орналасқан «Шаңырақ» тойханасы карантиндік шектеулерді бұзып, құдалық өткізіп жатқанын анықтады. Бас санитарлық дәрігердің қаулысына бағынбастан, ұйымдастырушы тойға 60 адамнан аса қонақ шақырған.
Аталған жайт бойынша жинақталған іс-құжаттар ҚР ӘҚБтК-нің 425-бабымен (Халықтың санитариялық-эпидемиологиялық саламаттылығы саласындағы заңнама талаптарын, сондай-ақ гигиеналық нормативтердi бұзу) шара қолдану үшін Шымкент қаласының Санитарлық-эпидемиологиялық бақылау департаментіне жолданды.