Қарағанды облысында мас адам ауылдасының үйінде төбелес шығарды
Қарағанды облысында мас адам ауылдасының үйінде төбелес шығарды, – деп хабарлайды Polisia.kz.
31 шілдеде Қарағанды облысы Қарқаралы ауданының полиция бөліміне ауылдасының үйіне барып, жанжал шығарған ер адам туралы хабарлама түсті. Оқиға орнына жеткен жедел-тергеу тобы 36 жастағы жәбірленуші әйелдің үйіне мас күйінде кірген 49 жастағы ауылдасы терезе әйнегін сындырып кеткенін анықтады. Жанжал шығарған ер адам аулада тұрған көліктің артқы терезесін сындырып, қашып кеткен.
Полицейлер қылмысын мойындаған күдіктіні ұстады. ҚР Қылмыстық кодексінің 149-бабы (Тұрғын үйге қол сұғылмаушылықты бұзу) бойынша қылмыстық іс қозғалды. Қазіргі уақытта тергеу жүріп жатыр.