Қызылордада жол апатынан екі адам қаза тапты
Қызылордада жол апатынан екі адам қаза тапты, – деп хабарлайды Polisia.kz.
Ағымдағы жылы 10 тамыз күні кешкі сағат 19:30 шамасында облыс орталығында екі автокөлік соқтығысқан.
Орын алған жол-көлік оқиғасы салдарынан Mercedes автокөлігінің жүргізушісі және жолаушысы оқиға орнында қайтыс болды.
Аталған дерек бойынша ҚР ҚК 345-бабының 4-бөлігімен (Көлік құралдарын басқаратын адамдардың жол жүрісі немесе көлік құралдарын пайдалану қағидаларын бұзуы) сотқа дейінгі тергеп-тексеру амалдары жүргізілуде. Тиісті сараптамалар тағайындалды. Оқиғаның себеп-салдары анықталуда.