Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Шымкенттік полицейлер тұрғынды алдаған алаяқты қолға түсірді

Шымкенттік полицейлер тұрғынды алдаған алаяқты қолға түсірді, – деп хабарлайды Polisia.kz.

2021 жылдың 14-тамызында Әл-Фараби АПБ-ның «102» нөміріне Шымкент қаласының тұрғыны арызданған. Ол белгісіз тұлғаның «OLX» жарнамасындағы құны 100 000 теңге тұратын жиһазын аламын деп, есеп шотындағы 140 000 теңгесін иемденіп алғанын көрсеткен.

Тәртіп сақшылары жедел-іздестіру іс-шараларын жүргізу барысында Шымкент қаласының тұрғынын анықтады. Ұсталған азаматтың басқа да қылмыстарға қатыстылығы тексерілуде.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру