Жамбылдық полицейлер жол-көлік оқиғаларының алдын алуды креативті жүргізуде
Жамбылдық полицейлер жол-көлік оқиғаларының алдын алуды креативті жүргізуде, – деп хабарлайды Polisia.kz.
Ағымдағы жылдың 23 тамызы мен 4 қыркүйегі аралығында Жамбыл облысының аумағында өткізілетін «Қауіпсіз жол» жедел алдын алу іс-шарасы аясында Патрульдік полиция батальонының инспекторлары жыл сайынғы дәстүрлі «Шок терапиясы» акциясын ұйымдастырды.
Акцияны ұйымдастырушылар Тараз қаласының орталық көшелерімен жол-көлік оқиғалары салдарынан қираған автокөліктер тиелген қызметтік эвакуаторды ұзақ жүргізіп, өмірмен үйлеспейтін қайғылы апаттың нәтижесін көрнекі түрде көрсетті.
Үйілген металл сынықтарын көрген жүргізушілер көліктерінің жүрісін баяулатып, қираған автокөлікті көріп, осындай қайғылы жағдай әркімде болуы мүмкін деген ойға қалды. Дауыс зорайтқыш арқылы полицейлер жол қозғалысы қауіпсіздігі туралы айтты.
Жолдағы жол-көлік оқиғаларының көрсеткіші жүргізушілердің жауапкершілігі мен түсінігіне, сондай-ақ кәсіби жүргізу дағдыларына тікелей байланысты екені баршаға мәлім.
– Статистикалық талдау нәтижелері көрсеткендей, ЖКО-ның 98 пайызы (576-ның 570-і) жүргізушілердің кінәсінен орын алған. Олардың негізгі себептері-жылдамдық режимінің асып кетуі және көлік жүргізу кезінде ұйықтап кету. Сондай-ақ, сыртқы факторлар бар, мәселен, жол кептелісі, қараңғылық, қолайсыз ауа-райы және басқа факторлар. Ағымдағы кезеңде жол патрульдік қызмет инспекторларымен 123 мыңнан астам ЖҚЕ бұзушылық дерегі анықталды, бұл өткен жылғы кезеңнен 57,7%-ға артық. 431 жүргізуші мас күйінде көлік басқарып ұсталды, 199 адам сот шешімі бойынша жүргізуші куәлігінен айырылды, жол ережесін бұзушыларға 1 млрд.37 млн. теңгеден астам сомаға айыппұл салынды, – деп атап көрсетті Жамбыл облысының Полиция департаменті Жергілікті полиция қызметі басқармасының бастығы Рахымберді Әшкеев.