Ақтөбеде кәмелетке толмаған жүргізуші жол апатын жасады
Ақтөбеде кәмелетке толмаған жүргізуші жол апатын жасады, – деп хабарлайды Polisia.kz.
24 тамыз күні сағат 05.20-да Lada 21154 автокөлігінің 17 жастағы жүргізушісі көлік құралын басқаруға құқығы жоқ тұлға бола отырып, М. Шоқай көшесімен Тәуелсіздік көшесінің қиылысында жүріп келе жатып жол жиегіне соқтығысты.
Жол-көлік оқиғасы салдарынан оның кәмелетке толмаған екі досы Ақтөбе қаласындағы ОБКА-ға жеткізілді.
Кәмелетке толмаған балаларыңызға көлік құралдарын сатып алмаңыз және оларды басқаруға рұқсат бермеңіз. Бұл ауыр зардаптарға әкелуі мүмкін. Заң бойынша кәмелетке толмағандардың жүргізу құқығынсыз басқарғаны үшін олардың ата-аналары жауапты болады. Көлік құралын басқаруға құқығы жоқ жүргізушінің көлік құралын басқарғаны үшін (оқумен жүруді қоспағанда) елу АЕК мөлшерінде әкімшілік айыппұл салынуы мүмкін.