ШҚО-да демалу орталығынан гидроцикл ұрланды
ШҚО-да демалу орталығынан гидроцикл ұрланды, – деп хабарлайды Polisia.kz.
Көкпекті ауданы полиция бөлімінің Самар ПБ 102 жедел арнасына 33 жастағы ер адам хабарласып, Көкпекті ауданының Новостройка ауылынан 6 шақырым жерде орналасқан Бұқтырма су қоймасының жағасынан белгісіз тұлғалар “BRP”гидроциклін ұрлап кеткенін хабарлаған. Шығын көлемі 5 миллион теңгені құрады.
Іс-шара барысында өтініш иесі 2015 жылы гидроциклді сатып алғанын айтқан. Ол көлігінБұқтырма су қоймасының жағалауындағы базадан 200 метр қашықтықта, қараусыз және күзетсізтұрғанын түсіндірген.
Бұқтырма су қоймасының жағасында орналасқан демалыс базаларының бірінде жедел-іздестіру іс-шараларын жүргізу және бейне бақылау камераларын қарау кезінде судың жағасында тұрған гидроциклді батыс бағытта итеріп жатқанбелгісіз үш адам болған, сондай-ақ сол бағытта автокөлік фарасы жанып тұрған.
Демалыс базасының бейнебақылау камералары жазбасын зерделегеннен кейін, сол күні түнгі уақытта Бұқтырма су қоймасының жағалауынан “Көкпекті-Васильев өткелі” тасжолына қарай жолмен тіркемесі бар автомашина өтіп бара жатқаны көрінген. жедел уәкілдер бейнежазбаның көмегімен “Чечек” ауданында қаскөйдіңавтокөлігін анықтаған. Оның иесі Риддер қаласының 35 жастағы тұрғыны болып шықты.
Қаскөй анықтағаннан кейін Самар ПБ криминалдық полиция қызметкерлері дереу Риддер қаласына жедел жеткен, онда Риддер қалалық ПБ қызметкерлерімен бірге 20-35 жас аралығындағы ұрлыққа қатысы бар үш жергілікті тұрғын ұсталды, олар тергеу барысында кінәларын мойындады.
Ұрланған гидроцикл иесіне қайтарылды.
Қаскүнемдерге қатысты ҚР ҚІЖК-нің 141-бабына сәйкес “ешқайда кетпеу және тиісті мінез-құлық туралы қолхат” түрінде процестік шара қабылданды.
Аталған факті бойынша ҚР ҚК-нің 188-бабы 3-бөлігі 1-тармағы бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды.