Павлодарлық полицейге мүмкіндігі шектеулі жан алғыс айтты
Павлодарлық полицейге мүмкіндігі шектеулі жан алғыс айтты, – деп хабарлайды Polisia.kz.
Павлодар облысы Полиция департаментінің бастығы Нұрлан Мәсімовтің атына Павлодар қаласының тұрғыны Айгүл Дүйсекинадан алғыс хат келіп түсті.
– Мен мүгедек болғандықтан, таяқпен жүремін, осыған байланысты жолды баяу өтемін. Мен Теміржол ауруханасына тіркелгенмін, оған үнемі барып тұрамын. Павлов көшесіндегі, ТЖ ауруханасының жанындағы бағдаршам 30 секунд бойы жанып тұратын, әрине, осы уақыт ішінде мен жолдың жартысын да өтуге үлгермейтінмін. Жолдан өту үшін уақыт қашықтығын ұлғайтқанда, мен сияқты баяу жүретін жаяу жүргіншілерге жолдан өту қашықтығын да ұлғайтады. Мен 109 нөміріне жүгіндім, онда маған полиция қызметкерінің телефон нөмірін берді. Телефон шалғанда Болат Тасқарин мені мұқият тыңдады. Содан кейін бағдаршаммен жол қиылысынан өту үшін уақыт аралығын ұлғайту туралы өтінішімнің шешімі бойынша жұмыс барысы туралы сауатты түрде түсіндірді, – деп жазады Айгүл Дүйсекина.
– Тіпті қазір алғыс жазып жатқан бойымда қуанышымнан көз жасымды тоқтата алар емеспін. Менің өтінішіме адами көзқараспен қараған Павлодар қаласы Полиция басқармасының әкімшілік тәжірибе бастығы Тасқарин Болатқа үлкен алғысымды білдіргім келеді. Мен түстен кейін қоңырау шалдым, ал кешке сфетофор 60 секундқа орнатылды. Менің бақытыма шек жоқ, өйткені ТЖ ауруханасынан жол бойында тұрып, мен ауруханаға қауіпсіз және жарақатсыз жету үшін жиі такси шақыртатынмын, – деп жазады тұрғын.
Сөз соңында павлодарлық құқық қорғау органдары жанданған жолда қауіпсіз ортаны құру мен қолдаудың маңызды бөлігі болып табылатынын атап өтті. Жол полициясының тиісті дәйекті қызметі жаяу жүргіншілердің қауіпсіздігін қамтамасыз ету үшін өте маңызды.