ШҚО-да колония қызметкерлері мекеме қоршауына телефон лақтырмақ болған ер адамды ұстады
ШҚО-да колония қызметкерлері мекеме қоршауына телефон лақтырмақ болған ер адамды ұстады, – деп хабарлайды Polisia.kz.
21 жастағы азамат мекеме аумағына екі телефонды қоршау арқылы кіргізуге тырысты.
Ол мекеменің іргелес аумағын күзетіп жүрген мекеме қызметкерлерін байқамай, мекеменің қоршауына бет алып, скотчпен оралған ораманы, негізгі қоршау арқылы лақтырмақ болған. Алайда, қырағылық танытқан мекеме қызметкерлері ер адамның жоспарын жүзеге асыруына мүмкіндік бермеді.
Тәртіп бұзушыға қатысты ҚР ӘҚБтК-нің 481-бабы бойынша материал жасалып, сотқа жолданды.
– Мекеме қызметкерлері тыйым салынған заттарды лақтыру әрекетін болдырмау үшін қаскүнемдерден әртүрлі жолмен алдын алуға тырысады, – деді мекеме бастығы Еркін Кабин.