Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Түркістандық полицейлер тұрғындарға “Есірткі мен трамадолға – жол жоқ” атты мыңға жуық жаднама қағазын таратты

Түркістандық полицейлер тұрғындарға “Есірткі мен трамадолға – жол жоқ” атты мыңға жуық жаднама қағазын таратты, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Түркістан облысының полицейлері есірткіге қатысты қылмысты болдырмау, оған тосқауыл қою мен алдын алу барысында түрлі жедел шараларды, басқосулар мен арнайы дәрістерді өткізіп келеді. Бұл жолы Түркістан облысы Есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл басқармасы қызметкерлерімен халық көп шоғырланған жерлердегі адамдарға, дәріхана қызметкерлеріне арнайы жаднама қағазы таратылды. 

Яғни бүгінде психотропты заттың бір түрі – трамадолдың кеңінен таралып жатқаны белгілі. Сондықтан трамадолдың қолданылуын азайту мен болдырмау және басқа да тұрғындардың өміріне қауіптілігін түсіндіру мақсатында Түркістан облысының полицейлері тұрғындарға мыңға жуық арнайы жаднама таратты. Есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл басқармасы қызметкерлерінің айтуынша бұл бағыттағы жұмыстар алдағы уақытта өз жалғасын таба бермек.

Өз кезегінде есірткіге қарсы күресті күшейткен облыс полицейлері өз өмірлеріңіздің саулығы, амандығы мен салауатты өмір салтын ұстану үшін есірткі, оның түрлері мен психотропты заттарды қолданбауға шақырады. 

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру