Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Шымкенттік полицейлер қызмет бабында қаза тапқан әріптестерінің отбасын назарсыз қалдырмады

Шымкенттік полицейлер қызмет бабында қаза тапқан әріптестерінің отбасын назарсыз қалдырмады, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Шымкент қаласы Полиция департаменті ЖПҚБ Патрульдік полиция полкінің қызметкерлері әріптестерімен бірлесіп, жол-көлік апатынан қаза тапқан полиция аға лейтенанты Серік Жайлаубаевтың отбасына құрмет көрсетіп, хал-жағдайын сұрап, атаулы сый-сияпаттарын табыстап қайтты.

Тәртіп сақшылары өмірден ерте кеткен қызметтес, қарулас әріптестерін мәңгі ұмытпайтындарын осылай іспен дәлелдеді. Тәртіп сақшылары үлкен құрмет көрсетіп, алғыс алды.

Өз кезегінде, ерлікпен қаза тапқан полицейдің анасы полицейлерге көңіл бөлгені, қамқорлығы мен қолдауы үшін алғыс айтып, полиция қызметкерлеріне ризашылықтарын білдіріп, еңбектеріне сәттілік тілеп, жылы сөздерін жеткізді.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру