Атырауда көлік жүргізу құқығынан айырылған 3 жүргізуші айыппұл арқалады
Атырауда көлік жүргізу құқығынан айырылған үш жүргізуші айыппұл арқалады, – деп хабарлайды Polisia.kz.
31 тамыз күні сағат 10:12 шамасында Азаттық-Атамбаев көше қиылысында Ресей федерациясында тіркелген Ваз-211440 маркалы автокөлігі тоқтатылып, тексеріс кезінде 29 жастағы жүргізушінің бұрын Қазақстан Республикасының Әкімшілік құқық бұзушылық туралы Кодексінің 608-бабына сәйкес көлік құралын басқару құқығынан айырылғандығы анықталды.
Аталған азаматқа қатысты ҚР ӘҚБтК-нің 612-бабының 3-бөлімімен (Көлік құралын басқару құқығынан айырылған тұлғаның көлік құралын басқаруы) әкімшілік хаттама жасақталып, аталаған азамат Атырау қаласының әкімшілік сотының шешімімен кінәлі деп танылып, оған 145 850 теңге көлемінде айыппұл салынды.
Одан басқа, 6 қыркүйек күні Азаттық даңғылы бойында тоқтатылған ВАЗ-2114 маркалы автокөлігінің 20 жастағы жүргізушісі жүргізу құқығы жоқ екендігі анықталды. 20 жастағы азаматтың басқаруындағы көлік құралы арнаулы тұраққа қойылып, оған қатысты Қазақстан Республикасының Әкімшілік құқық бұзушылық туралы Кодексінің 612-бабы 2-бөлімімен әкімшілік хаттама жасақталып, 29 170 теңге көлемінде айыппұл салынды.
Айта кетейік, соңғы бір аптада көлік құралын басқару құқығынан айырылған үш жүргізуші және көлік құралын басқаруға мүлдем құқығы жоқ 11 жүргізуші анықталып, әкімшілік жауапкершілікке тартылды.