Павлодар облысында жүргізушіге 70 АЕК айыппұл салынды
Павлодар облысында жүргізушіге 70 АЕК айыппұл салынды, – деп хабарлайды Polisia.kz.
Патрульдеу кезінде сағат 22:30-да Шарбақты ауданының Шалдай ауылындағы Ленин көшесінде полиция қызметкерлерімен автокөлік тоқтатылды.
Белгілі болғандай, ер адам 2019 жылдың сәуір айында көлік құралын басқару құқығынан айырылған. Жүргізуші неге рульге қайта отырғанын түсіндіре алмады. Оған қатысты ҚР ӘҚБтК-нің 612-бабы 4-1-бөлігі (Құжаттары жоқ және басқару құқығы жоқ адамның көлiк құралын басқаруы) бойынша әкімшілік іс қозғалды. Материал сотта қаралды, сот шешімі бойынша ер адамға 70 АЕК көлемінде әкімшілік айыппұл салынды.