Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Сырдария полицейлері «Кең болсаң, кем болмайсың» атты қайырымдылық акциясын өткізді

Отбасы мерекесіне орай Сырдария ауданы полиция бөлімінің қызметкерлерімен «Кең болсаң, кем болмайсың» атты қайырымдылық акциясы өткізілді, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Акцияның басты мақсаты – ауданда аз қамтылған және тұрмысы төмен отбасына қол ұшын беру.

Бүгінде Сырдария ауданының полиция бөлімінің жергілікті полиция қызметі бөлімшесінің учаскелік полиция испекторлары аудан тұрғыны, еш жерде жұмыс істемейтін, отбасы жағдайы төмен, мектеп жасындағы екі ұл үш қыз тәрбиелеп отырған отбасына қол ұшын созып, өз көмектерін берді.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру