Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Шымкенттік полицейлер велосипед ұрлығын ашты

Шымкенттік полицейлер велосипед ұрлығын ашты, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Еңбекші АПБ-ның «102» нөміріне жергілікті жердің тұрғыны арызданды. Ол өз арызында 7 қыркүйек сағат 04:30 шамасында белгісіз адам үйінің ауласында тұрған «Trinx» маркалы велосипедін жасырын ұрлап кеткенін көрсеткен. Келтірілген материалдық шығын – 70 мың теңге.

Еңбекші АПБ Криминалдық полиция бөлімінің қызметкерлерімен жедел-іздестіру іс-шараларын жүргізу барысында Шымкент қаласының тұрғыны анықталды. Ұсталған күдіктінің басқа да қылмыстарға қатыстылығы анықталуда. Тексеру амалдары жүргізілуде.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру