Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Қызылордалық полицейлер 105 түп сора өсімдігін еккен қала тұрғынын ұстады

Қызылордалық полицейлер 105 түп сора өсімдігін еккен қала тұрғынын ұстады, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Қала аумағына қарасты орталықтарда рейд жүргізіп, есірткімен айналысқан, оны сатып және тасымалдаған құқықбұзушыларға қатысты «Қарасора-2021» жедел-профилактикалық іс-шарасын жүргізуде.

Мәселен, 4 қыркүйек үйінің ауласында есірткі тектес сора өсімдігін өсірген 62 жастағы қала тұрғыны ұсталып, уақытша ұстау изоляторына қамалды.

Күдіктінің ауласынан 105 түп сора өсімдігі табылып, айғақ зат ретінде тәркіледі. Сараптама тағайындалды. Қорытындыға сәйкес, алынған түптер 141,853 грамм сора есірткісі болып шықты.

Аталған жәйт сотқа дейінгі тергеп-тексерудің бірыңғай тізіліміне енгізіліп, Қазақстан Республикасының Қылмыстық Кодексінің 300-бабы 2-бөлігімен (Құрамында есірткі заттар бар, өсіруге тыйым салынған өсімдіктерді заңсыз егіп-өсіру) қылмыстық іс қозғалды.
Қазіргі таңда осы іс бойынша тергеп-тексеру амалдары жүргізілуде.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру