Ақтөбе облысының үздік жедел уәкілі анықталды
Ақтөбе облысының Полиция департаментінде жедел уәкілдер арасындағы кәсіби шеберлік байқауының нәтижелері жарияланды, – деп хабарлайды Polisia.kz.
Жыл сайын облыстың ПД қалалық және аудандық полиция бөлімдерінің жедел қызметкерлері арасында «Үздік жедел уәкіл» атағына конкурс өткізіледі.
Аталған іс-шараны өткізудің мақсаты – қызметкерлердің өз лауазымдық міндеттерін орындауға мүмкіндік беретін кәсіби-қолданбалы білімін, іскерлігін және дағдыларын жетілдіру, сондай-ақ қызметкерлердің өзінің кәсіби шеберлігін үздіксіз арттыруға мүдделілігін ынталандыру.
Байқауға жұмыста жоғары көрсеткіштерге қол жеткізген қызметкерлер қатысады. Байқау қатысушылары 7 қыркүйекте Ақтөбе қаласында кездесіп, атыс және дене шынықтыру нормативтерін тапсыру бойынша жарысты. Сондай-ақ полиция қызметкерлері жедел-іздестіру қызметін реттейтін нормативтік-құқықтық актілерді білуге тестілеуден өтті.
Биылғы жылы Ақтөбе облысы ПД КПБ аса маңызды істер жөніндегі аға жедел уәкілі Арман Нәжмадинов үздік атанды. Арман Нәжмадинов байқаудың көрсетілген критерийлері бойынша жоғары көрсеткіштер көрсетіп, «Үздік жедел уәкіл» атағын лайықты жеңіп алды. Ол 15 жылға жуық уақыт Криминалдық полиция басқармасында қызмет етіп келеді. Тек осы жылдың өзінде ол 28-ден астам қылмысты, оның ішінде қоғамдық резонанс тудырған ауыр және аса ауыр қылмысты ашты.
Айта кетейік, жеңімпаз енді республикалық байқаудың финалдық кезеңінде бақ сынайтын болады болады.