Ақмола облысының полицейлері тұрғыннан жалған төлқұжат пен жеке куәлік анықтады
Полицейлер ақмолалықтан жеке басын куәландыратын жалған құжаттарды тапты, – деп хабарлайды Polisia.kz.
60 жастағы Көкшетау қаласында тұратын әйел Қазақстан Республикасының басқа азаматының жеке басын куәландыратын құжаттарды пайдаланғаны анықталды.
Аталған факті бойынша ҚР ҚК 385-бабының 1-бөлігі (Жалған құжаттарды пайдалану) бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды. Тергеу амалдары жүргізіліп жатыр.
Өздерін алаяқтардан қорғау үшін полиция қызметкерлері жеке басын куәландыратын құжаттармен жұмыс жасауда мұқият болуды ұсынады. Оларды бөгде адамдарға бермеуге, құжаттарды сенімді жерде сақтауға шақырады.