Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Кентау қаласында есепте тұрған сотталғандар еңбекке жарамсыз қарияның көшуіне көмектесті

Кентау қаласында есепте тұрған сотталғандар еңбекке жарамсыз қарияның көшуіне көмектесті, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Кентау қаласы “Жастар ресурстық орталығы” және қалалық пробация бөлімі еріктілік бағытта қайырымдылық жұмыстарын бірлесе ұйымдастырды. Түркістан облысы бойынша ҚАЖ департаментіне қарасты Кентау қалалық пробация қызметі есепте тұрған сотталғандардың Кентау қаласына қарасты Хантағы елдімекенінде тұратын зейнеттегі қарт кісінің қоныс аударып, көшуіне қолғабыс тигізді. 

Аталған қайырымдылық іс-шарасын қалалық пробация қызметі мен Кентау қалалық жастар ресурстық орталығынан құралған еріктілерімен бірлесіп ұйымдастырды.

– Біздің пробация қызметінің есебінде тұрғандар және жастар ресурстық орталығының еріктілермен бірлесіп осындай қайырымдылық шарасын ұйымдастырып тұрамыз. Жалпы, қайырымдылық іс-шарасы 2020-2025 жылдарға арналған қоғамдық құқық бұзушылықтың алдын-алу жөніндегі ведомствоаралық іс-шаралар жоспарының 12 тармағына сәйкес ұйымдастырылды. Сондай-ақ, аталған шараны өткізудегі мақсатымыз – пробация есебінде тұрған сотталғандарды еңбекке баули отырып, оларды айналасына мейіріммен қарауға шақыру. Сонымен қатар, қылмыстың алдын алу және оны болдырмау болып табылады. Есепте тұрған сотталғандардың айналасындағыларға жәрдем беріп, өздерінің қоғамға қажет екендіктерін сезінуіне мүмкіндік туғызу. Олардың қоғамға тез бейімделуіне көмектесуге ықпал жасау, – дейді Кентау қалалық пробация қызметі бөлімінің бастығы Атабек Исаев.

Қария кісі үшін бір жерден, екінші жерге көшудің өзі қиын екені анық. Осындай қиын кезде қол ұшын созған пробация қызметінің қызметкерлері мен еріктілерге алғысын білдірді.

– Мен секілді зейнетте отырған қарт адамның қоныс аударуы өте ауыр. “Кедей болсаң, көшіп көр” деп атадан қалған нақыл сөз бекер айтылмаса керек. Кентау қалалық пробация қызметінің қызметкерлері мен ерікті жастарға алғысым шексіз. Қиналғанда қолғабыс болып, көшуіме үлкен көмек берді, – деді Балнұр әжей.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру