БҚО бойынша ҚАЖ Департаменті «Үміт-2021» байқауын өткізді
Батыс Қазақстан облысы бойынша Қылмыстық-атқару жүйесі департаменті «Үміт-2021» байқауын өткізді, – деп хабарлайды Polisia.kz.
Байқауға РУ-170/2, РУ-170/3 мекемелерінде жазаларын өтеп жүрген азаматтар салған суреттер мен қолданбалы өнер бұйымдары қатысты.
«Үміт-2021» байқау-конкурсын өткiзу мақсаты – сотталғандарда эстетикалық талғам және қоршаған ортада жақсы қарым-қатынас орнатуға ықпал ететін, сотталғандарда табиғат сұлулығы, өнер, әдебиет, кескіндеме шығармашылықтары жөнiнде түсiнiктердiң дамуына бағытталған, эстетикалық тәрбиелеу болып табылады.
Жасалған қолөнер бұйымдары Батыс-Қазақстан облысы бойынша Қылмыстық-атқару жүйесі департаментіне жолданып, жүлделi орындарға ие болған ең үздiк суреттер мен қолданбалы өнер бұйым марапатталатын болады.
– Көрмеге тамаша суреттер мен бұйымдар қойылған. Жазасын өтеушілерге шығармашылықпен айналысуға уақыт берілетіні қуантады, әрине. Өнер арқылы олар өмірін, ішкі жан жүниесін жеткізеді ғой. Ал «Үміт-2021» байқауы бұл жандардың бойында шынымен де үміт отын жандырып, өмір сүруге деген құлшыныстарын оятады деген ойдамын, – деді мекеме басшысы Сабиров Магнис.
Конкурс өткiзiлгеннен кейiн суреттер мен бұйымдар балалар бақшаларына, сәбилер, мүгедектер мен қарттар үйлеріне сыйға берiледi.