Полиция қызметкерлері мен мұғалімдер Алматы мектептерінің терроризмге қарсы қауіпсіздігін талқылады
Полиция қызметкерлері мен мұғалімдер Алматы мектептерінің терроризмге қарсы қауіпсіздігін талқылады, – деп хабарлайды Polisia.kz.
Мектептердің, балабақшалардың, колледждердің және білім беру мекемелерін тікелей қорғайтын күзет ұйымдарының басшыларымен кезекті онлайн жұмыс кездесуі өтті. Күн тәртібінде экстремизм мен терроризмге қарсы күрес жөніндегі іс-шаралар жоспарын жүзеге асыру мәселесі қаралды.
– Біз нысандардың, әсіресе балалардың жаппай болуы жағдайында терроризмге қарсы қауіпсіздіктің қажетті деңгейін қамтамасыз ету маңыздылығын еске түсірдік. Жастар арасындағы экстремизм көріністерінің алдын алу, террористік көріністердің алдын алу, анықтау және жолын кесу шаралары туралы. Сонымен қатар, терроризм қаупі бар білім беру нысандарының қауіпсіздік инфрақұрылымын қамтамасыз ету мәселесі талқыланды, – деді Алматы қалалық ПД Эктремизмге қарсы күрес басқармасының бастығы Мәулен Қасымжан.
Баяндамашы сонымен қатар, нысандарды бейнебақылау жүйесімен жабдықтау және оларды жедел басқару Орталығына қосу бойынша қажетті шаралар қабылданып жатқанын атап өтті. Сондай-ақ, білім беру ұйымдары хабарлау құрылғыларымен, «дабыл батырмаларымен», кіруді бақылау және басқару жүйелерімен жабдықталған.
Жиынға қатысушылар, олардың саны 10-нан асады, «Техногендік төтенше жағдайлар және терроризм актісін жасау қаупі төнген кезде білім беру ұйымдарының қызметкерлері, оқушылары мен тәрбиеленушілері үшін іс-қимыл алгоритмі» туралы ақпарат берілді.