Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Павлодарлықтан 500 келіден астам балық тәркіленді

Павлодарлықтан 500 келіден астам балық тәркіленді, – деп хабарлайды Polisia.kz.

“Браконьер” жедел алдын алу іс-шарасын өткізу аясында Май ауданының полиция қызметкерлерімен 25 қазан сағат 02:00 шамасында Көктөбе ауылының маңындағы “Ленин-Курчатов” автожолында Volkswagen маркалы автокөлік тоқтатылды. Тексеру барысында автокөлік салонынан “мөңке балық” тұқымының 12 қабы, сондай-ақ Қытай өндірісінің желілері, резеңке қайық және балық аулауға арналған өзге де керек-жарақтар табылды. Тексеру кезінде 49 жастағы жүргізушінің тиісті құжаттары болған жоқ.

Қазіргі уақытта аталған факті бойынша тексеру жүргізілуде, алынған балықтың жалпы салмағы 500 келіден асады, сараптама тағайындалды.

Полиция қызметкерлері балық аулауды жүзеге асыру кезінде “Жануарлар дүниесін қорғау, өсімін молайту және пайдалану туралы” заңнаманың белгіленген талаптарын және заңға тәуелді актілерді қатаң сақтау керектігін ескертеді, оларды бұзғаны үшін әкімшілік және қылмыстық жауапкершілік қарастырылған.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру