Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Алматыда полиция қызметкерлері кезекті пәтер ұрысын ұстады

Алматыда полиция қызметкерлері тағы бір пәтер ұрысын ұстады, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Әуезов АПБ хабарлағандай, 45 жастағы жеңіл ақшаны жақсы көретін адам тек күндіз ғана және қаланың халық қоныстанған тұрғын аудандарында ғана жұмыс жасаған.

– Біздің бөлімше қызметкерлері ұрыны кезекті қылмыстық эпизодтан кейін ұстады. Пәтер иелері үйде болмаған кезде қаскөй пластикалық терезені қысу арқылы ашып, бөтеннің үйіне кіріп, жеке заттарын ұрлаған және оқиға орнынан қашып кеткен. Келтірілген материалдық шығын көлемі 300 мың теңгеден асты. Күдікті ұсталды. Ол – Алматы облысының тұрғыны болып шықты, – дейді Әуезов аудандық ПБ бастығы Ұлан Әбілқайыр.

Аталған факті бойынша ҚР ҚК-нің 18- бабы 3-бөлігінің 3-тармағы (Тұрғын үйге заңсыз кіру арқылы бөтеннің мүлкін ұрлау) бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде.

– Ұсталған адамның “әрекетінің” қосымша эпизодтарын анықтау үшін қажетті шаралар қолданылуда. Ол уақытша ұстау изоляторына қамалды. Күдікті өз кінәсін толық мойындады, – деп түйіндеді Ұлан Әбілқайыр.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру