Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Тұрғын Алматының шетіндегі үйлердің бірінде жабайы шошқаны асыраған

Тұрғын Алматының шетіндегі үйлердің бірінде жабайы шошқаны асыраған, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Бұл фактіні табиғатты қорғау полициясының қызметкерлері мақсатты іс-шара жүргізу барысында анықтады. Мал «Ақсай медик» бағбандық қоғамының үйлерінің бірінде ұсталған.

Естеріңізге сала кетейін, Табиғатты қорғау заңнамасын бұзу, браконьерлік, биологиялық ресурстардың заңсыз айналымы фактілерін, сондай-ақ, экологиялық қылмыстарды ашу фактілерін анықтау және жолын кесу мақсатында 20 қазан мен 19 қараша аралығында жалпы республикалық «Браконьер» жедел-алдын-алу іс-шарасы өткізілуде. Іс-шара шеңберінде ЭҚМБ орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі Комитетінің аумақтық органдарымен бірлесіп жедел-іздестіру топтары құрылды. Бұл жағдайда 1951 жылы туған М.есімді азамат ҚР ӘҚбК-нің 389-бабы 1-бөлігі бойынша жауапкершілікке тартылды. Аталған өндіріс материалдары сот құзыретіне сәйкес шешім қабылдау үшін сотқа жіберіледі, – деді Наурызбай аудандық Полиция басқармасының бастығы Дидар Аханов.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру