Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Павлодар облысында 5 жасар баласын қараусыз қалдырып, ішімдік ішетін әйел жауапқа тартылды

Павлодар облысында 5 жасар баласын қараусыз қалдырып, ішімдік ішетін әйел жауапқа тартылды, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Бірнеше күн бұрын Павлодар облысы Успен ауданының полиция қызметкерлері «Участок» жедел алдын алу іс-шарасын өткізу барысында, сондай-ақ Таволжан ауылының мектеп директорының өтініші бойынша 5 жастағы нөлінші сынып оқушысының отбасын тексерді.

Полицейлердің сапары кезінде үйде осы баланың анасы, сондай-ақ бірге алкоголь ішкен белгісіз күмәнді адамдар болды. Үйде антисанитария байқалды, ыстық тамақ болмады және тұтастай алғанда балаға жарамды өнімдер табылмады.

Баланың өзі үйде болған жоқ, анасы мереке кезінде оны көршілеріне апарып тастаған. Ал отбасының әкесі жұмыста еді.

– 2017 жылы аталған отбасы Павлодар қаласынан Успен ауданының Таволжан ауылына көшті. Екі үлкен балаға әйел ата-ана құқығынан айырылғандықтан, отбасы полицияның бақылауында. Әйел жұмысқа орналасты, үйдегі тәртіпті сақтады, сондай-ақ кіші баланы үнемі тәрбиелеп отырды, – деп атап өтті Павлодар облысы Успен ауданының ювеналды полициясының аға инспекторы Дамира Букаева.

Алайда, өкінішке орай, әйел ескі әдетіне оралып, ішімдік ішуді бастаған. Ұлының тәрбиесімен тиісті деңгейде айналыспады, үйге және балаға жауапсыз қарады. Сондықтан ата-анаға қатысты ҚР ӘҚБтК-нің 127-бабының 1-бөлігі бойынша әкімшілік хаттама толтырылып, аталған іс сотқа қарау үшін жіберілді.

Сонымен қатар, полиция хабарлағандай, материалдар кәмелетке толмағандардың істері және олардың құқықтарын қорғау жөніндегі комиссияға әйелдің ата-ана құқықтарынан шектеу мәселесін қарау үшін жіберіледі.

Белгілі болғандай, баланың әкесі отбасымен бірге тұрады, жұмыс істейді, алкоголь ішпейді.

Айта кету керек, жылдың басынан бері Павлодар полицейлері 416 заңды өкілді әкімшілік жауапкершілікке тартты.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру