Шымкентте қауіпсіздік белдігін тақпаған 30 мыңға жуық жүргізуші жауапқа тартылды
Шымкентте жыл басынан бері 30 мыңға жуық жүргізуші қауіпсіздік белдігін тақпағаны үшін жауапқа тартылды, – деп хабарлайды Polisia.kz.
Шымкент қаласында жыл басынан бері 29 532 жүргізуші қауіпсіздік белдігін тақпағаны үшін әкімшілік жауапқа тартылды.
Нәтижесінде, аталған жүргізушілерге Қазақстан Республикасының Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінің 593-бабы (Жол жүрiсi қағидаларында көзделген жолаушыларды және жүктердi тасымалдау, қауiпсiздiк белдіктерiн немесе мотошлемдердi пайдалану жөніндегі талаптарды сақтамау) бойынша әкімшілік хаттама толтырылды.
Айта кетейік, қауіпсіздік белдіктерін немесе мотошлемдерді пайдалану қағидаларын сақтамау – 5 АЕК мөлшерінде айыппұл салуға алып келеді.