Қостанай облысының білім беру нысандары бейнебақылау жүйесімен 100% жабдықталған
Қостанай облысының білім беру нысандары бейнебақылау жүйесімен 100% жабдықталған, – деп хабарлайды Polisia.kz.
Биыл Үкіметтің 12 сәуірдегі ”Террористік тұрғыдан осал объектілерге жатқызу өлшемшарттары мен қағидаларын бекіту туралы” Қаулысымен білім беру объектілеріне қойылатын талаптар өзгертілді. Оған сәйкес білім алушылармен персоналдың жалпы саны 100 және одан да көп адам болатын білім беру ұйымдары адамдар көп жиналатын объектілер санатына жатқызылған. Террористік тұрғыдан осал болып Қостанай облысында 507 оқу орны танылды – бұл 9 ЖОО, 35 колледж, 306 мектеп, 131 балабақша және 26 өзге де білім беру ұйымдары.
Жаңа талаптарға байланысты адамдар көп жиналатын объектілер, оның ішінде білім беру объектілері бейнебақылау жүйелерімен, сөйлеу арқылы хабарлау құралдарымен және күзет пультіне сигнал беретін дабыл түймелерімен жарақтандырылуы тиіс.
– Қазіргі уақытта облыстағы білім беру ұйымдарының 100%-ы бейнебақылау жүйесімен жабдықталған. Полицияның Жедел басқару орталықтарына Қостанай қаласының 37 мектебінің және Рудный қаласының 21 мектебінен камералар қосылған. Облыстың басқа қалалары мен аудан орталықтарында жергілікті полиция бөлімдеріне бейнебақылау жүйесін қосу жұмыстары жүргізілуде, – деп хабарлады облыстық ПД Экстремизмге қарсы іс-қимыл басқармасы бастығының орынбасары Ерлан Сембин.
Бұған қоса, Қостанай, Рудный және Арқалыққалаларының 127 мектебі “дабыл түймелерімен” жабдықталған. Басқа аудандарда да бұл жұмыс жалғасуда.
Сондай-ақ, терроризмнің ықтимал қатерлерінің болдырмау, алдын алу мақсатында облыстың білім беру мекемелерінде тұрақты негізде түсіндіру жұмыстары жүргізіледі, ол жерде полиция қызметкерлері терроризм актілері кезіндегі алғашқы іс-әрекеттер, жалған хабарлама таратқаны үшін қылмыстық жауапкершілік туралы түсіндіреді.